Павлодарда балық қырылып жатыр. Оқиға Ертіс ауданына қарасты Қаратомар ауылында тіркелді.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жас шортандардың сусыз жерде жусап жатқанын көруге болады. Бейнежазба авторының айтуынша, қырылған балықтар Песчаное көлінің маңынан табылған.
Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, бұл балықтар Ертіс өзені тасыған кезде жайылмадағы көлшіктерде қалып қойған. Олар су тартылғанда өзенге жете алмай қалыпты. Ыстықта көлдің құрғауы салдарынан қырылғанын айтады. Мамандар бұл жылда қайталанатын табиғи құбылыс екенін жеткізді.
Күн сайын мониторинг, рейдтік жұмыстар жүргізіледі. Сол рейдтік жұмыстар барысында анықталып, немесе осындай көлшіктер көрген кезде мысалы осы жылы июль кезінде арнайы жұмыстар жасалынады. Осы қалып қойған балықтарды көлшіктерден анықтап, аулап, Ертіс су арнасына жіберу жұмыстары, – дейді облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Жұмашев.