Павлодарда балаларына жауапсыз қараған ата-аналар жазаланды

28 Маусым 2022, 17:55
1383
Бөлісу:
Павлодарда балаларына жауапсыз қараған ата-аналар жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда балаларына жауапсыз қараған ата-аналар жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

“Түнгі қаладағы балалар” профилактикалық іс-шарасының бірінші күні Павлодар қалалық ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері 19 құқық бұзушылықты анықтады. 

Мысалы, 27 маусымда асырауында кішкентай баласы бола тұра, оның тәрбиесімен айналыспаған 22 жастағы ана анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБК 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал ювеналды сотқа жіберіледі. Сол күні сағат 23:55-те Павлодар қаласының көшелерінің бірінде құқық қорғау органдарының назары түнде жалғыз жүрген жасөспірім қызға түсті. 

Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс болуына жол берген кәмелетке толмаған қыздың 43 жастағы анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан басқа, бір қолайсыз отбасы профилактикалық есепке қойылды. Тұрғылықты жері бойынша полиция есебінде тұрған 4 отбасы және екі кәмелетке толмаған бала тексерілді. “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын алу шарасы 29 маусымға дейін жалғасады. 

Өзгелердің жаңалығы