Павлодарда полицейлер балаларына 4,5 млн теңге қарыз әкені ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ажырасқан ер адам төрт жылдан бері соттың алимент төлеу туралы шешімін елемей келген. Бүгінде азаматтың алимент бойынша қарыз сомасы 4,5 миллион теңгені құрады. Полиция қызметкерлері 29 жастағы ер адамды ұстап, қарыз сомасын өндіріп алу туралы сот шешімін орындау үшін істі жеке сот орындаушысына тапсырды.
Сонымен қатар балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамағаны үшін ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп жазылған мәліметте.
2024 жылы облыс полицейлері алимент төлемеген 300-ге жуық адамды анықтағанын атап өткен жөн. Полиция қызметкерлері ескертеді: алимент төлеуден жалтару, тек қаржылық шығындарға ғана емес, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілікке тартылуға әкелуі мүмкін. Заңның бұлтартпас күшін қамтамасыз ету және құқық тәртібін сақтау қағидаларын ұстана отырып, полиция кез келген құқық бұзушылық фактісін бейтарап тергеп-тексеруге міндетті. Бұл елдегі Заң пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды негізі.