Павлодарда балалар мамық жағып ойнап, екі қабатты үйді өртеп жіберген
18 Мамыр, 13:18 512

Павлодарда балалар мамық жағып ойнап, екі қабатты үйді өртеп жіберген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда ойыннан от шығып, екі қабатты үй өртенді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы ТЖД басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов апаттың орын алуының алдын ала себебін мәлім етті.
 

«Қазір терек мамығы түсетін кезең басталды. Балалар соны өртеп ойнайды. Тұрғындарға балаларымен кеңес өткізуді ұсынамыз. Ал, ұйымдардың басшыларын өз аумақтарын тазалауға, абай болуға шақырамыз. Өйткені салдары ауыр болуы мүмкін. Мысалы, кеше балалардың мамық өртеп ойнауы салдарынан екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты», - деді Қайрат Шаймарденов.

Қайрат Шаймарденовтің айтуынша, оқиға орнында тергеу жүргізу кезінде балалардың мамық өртеп ойнағаны анықталған.
 

«Видеосы да бар. Куәгерлерден жауап алынды. Олардың айтуынша, өрттің шығуына балалардың отты абайсыз қолдануы себеп болған», - деді Қайрат Шаймарденов.

Аталған фактіге қатысты іс облыстық полиция департаментіне жолданған. Кінәлілер бойынша соңғы шешімді полиция департаменті шығарады.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...