Павлодарда әйелін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды

19 Тамыз 2021, 05:09
2600
Бөлісу:
Павлодарда әйелін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында жанжал кезінде әйелін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 8 тамызда Павлодар ауданының полициясына аудандағы ауылдың бірінде ер адам әйелін өртеп жібергені туралы қоңырау түскен болатын, алайда айыпты бірден қамауға алынбаған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 2021 жылғы 8 тамызда сағат 02.00 шамасында ерлі-зайыптылар арасында ауызша жанжал болғанын анықтады, онда күйеуі мас күйінде өз көлігімен кетуге тырысқан, ал әйелі оған тыйым салған. Жанжал барысында ер адам тоңазытқыштан спирт алып, оны жұбайына шашып, кейін оттықпен тұтатып, жағып жіберген, – деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция зардап шеккен әйелдің күйікпен Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылғанын атап өтті. Аталған факті бойынша полиция Қазақстан Республикасы ҚК 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.
Өкінішке орай, 2021 жылғы 17 тамызда жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігіне қайта сараланды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Жасқайрат Қайыров.

Өзгелердің жаңалығы