Павлодарда ауыл жастарын спортқа баулитын жоба іске қосылды

28 Сәуір 2022, 23:45
1225
Бөлісу:
Павлодарда ауыл жастарын спортқа баулитын жоба іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда «Qaisar» әскери-патриоттық жобасының облыстық іріктеу ойындары өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Санира Жүсіпованың мәлімдеуінше, іріктеу ойындарына  13 ауданнан 240 жас келген.

Жобаға 120 қыз, 120 ер балалар қатысып,  өздерінің шымырлығын, спортқа деген белсенділігін көрсетті. Әр аудан құрамында 3 ұл, 2 қыз жарысқа қатысты, - деді Санира Жүсіпова. 

Ұлдар арасындағы 3000 метр қашықтыққа жүгіру және қыздар арасында 1000 метрге жүгіру бойынша іріктеу ойындары Орталық стадионда  өтті. Келесі су спорты бойынша іріктеу кезеңі «Шымыр» спорттық сауықтыру бассейн орталығында өтті. Әр кезең бойынша білікті төрешілер, сала мамандары ойындарға баға берді.

Осылайша, «Qaisar» облыстық әскери-патриоттық ойынының қорытындысы бойынша республикалық аренада облысымыздың намысын қорғайтын Павлодар облысының командасы жасақталды.

Өзгелердің жаңалығы