Павлодарда ауыл тұрғыны мылтық пен патрондарды тасымалдаған

25 Тамыз 2021, 07:28
3603
Бөлісу:
 Павлодарда ауыл тұрғыны мылтық пен патрондарды тасымалдаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері өңірде қару мен оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін 480 азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті полицейлердің кезекті рейді кезінде қолға түскен. Тәртіп сақшылары таңғы сағат 08.45 шамасында жаңа қала ауылының маңында, «Омбы-Майқапшағай» автожолының 358 шақырымында рота инспекторы Абай Тыныбаев «ГАЗ 3110» автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде 52 жастағы жүргізуші өзін біртүрлі ұстаған.Тексеру кезінде автокөліктің салонында жүргізуші орындығының астында «ТОЗ» мылтығы мен 16 калибрлі 17 патрон тасымалдағаны анықталды. Табылған заттардың тиісті құжаттары болмаған. Мылтықты қандай мақсатпен алып жүретінін және оның қайдан шыққанын жүргізуші түсіндіре алмаған. Деректер базасында мылтық басқа адамға тиесілі екені анықталды. Мылтық пен патрондар тәркіленіп, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Тек бір тәулік ішінде 143 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 45 жүргізуші жылдамдық режимін асырса, 19 жүргізуші техникалық ақаулы жағдайда көлік құралын басқарған. Ал 3 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарды. Мысалы, сағат 03.10-да «Павлодар-Шарбақты» автожолының 8 км-де жүргізушісі мас күйінде болған «Ауди 80» автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жолданды, автокөлік айып тұрағына қамалды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы командирінің міндетін атқарушы Әділет Мерғазин.
Айта кету керек, осы жылдың басынан бері өңірде қару мен оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін 480 азаматты жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы