Павлодарда ағаштар бүршік жарды

14 Қараша 2023, 09:26
516
Бөлісу:
Павлодарда ағаштар бүршік жарды
Фото: BAQ.KZ - архив

Павлодарда мамыргүл мен терек бүршік жарды. Биологтардың айтуынша, бұған қараша айындағы жылы күн райы себеп, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Мұндай құбылыс табиғатта кездеседі. Алайда күн күрт суытып, аяз түскен бойда ағаштар үсіп кетеді. Климат өзгерісінің ауылшаруашылық дақылдарына да зияны бар. Көп жылдық өсімдіктер мерзімінен бұрын көктегендіктен көктемде қайта егуге тура келеді. Синоптиктердің мәліметінше, жылы ауа райы әлі бірнеше күн бойы сақталады. 

Менің ойымша, айтарлықтай өзгерістер бола қоймайды. Тек күзде егілген көп жылдық шөптер немесе қалпына келтірілген жайылымдық жерлерде тұқымның бір бөлігі шығынға ұшырайды. Сондықтан көктемде қайта егу қажет болады. Ал ағаштардың өскіндері сақталады, - дейді биолог Татьяна Пономарева.

Өзгелердің жаңалығы