Павлодарда адвокат жастарға Ата заң бойынша кеңес берді

28 Тамыз 2022, 16:23
1191
Бөлісу:
Павлодарда адвокат жастарға Ата заң бойынша кеңес берді

Павлодар қаласының орталық қалалық кітапханасының оқу залында «Ата Заң және жастар» құқықтық сағаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Құқықтық сағатта Павлодар облыстық адвокаттар алқаларының адвокаты Наталья Зятькова Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік берді. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы баяндады.

Сондай-ақ ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді жастардың бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға шақырды. 

 Ең басты заң — Конституция. Одан кодекстер, заңнамалар, актілер шығады. Біздің елдің Конституциясы халықтың барлық есеркетулерін елеп, құрастырған. Қазақстанның байлығы ол — халық, – деді Наталья Зятькова. 

Шараға көрермен ретінде «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының павлодарлық штабы  қоғамдық қоры, сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Кездесу барысында Наталья Зятькова жиынға қатысушылардың қызықтырған, көкейлеріндегі туындаған сұрақтарына жауап берді.

Кітапхана қызметкерлерінің дайындауымен оқу залында «Ата Заңым - ардағым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды және бейнеролик көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы