Павлодарда 18 мыңнан астам кәсіпкер бюджеттен тыс қорларға төлемдерден босатылған

12 Қараша 2020, 00:39
1376
Бөлісу:
Павлодарда 18 мыңнан астам кәсіпкер бюджеттен тыс қорларға төлемдерден босатылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЕТҚ-дан әлеуметтік төлемдерден босату 2020 жылғы 1 қазаннан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының мәліметінше, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы №721 қаулысымен «Салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» және ҚР Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Аталмыш өзгерістермен келесі салықтар мен әлеуметтік төлемдердің ставкаларына «0» түзету коэффициентін белгіленген:
төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы;

  • жеке практикамен айналысатын адам өз бетінше төлейтін жеке табыс салығы;
  • жеке кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар.

Нөлдік ставка мынадай салық төлеушілер мен олардың қызметкерлеріне қатысты қолданылады:

  • қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке практикамен айналысатын адамдар мен микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілерін төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын міндеттемелер бойынша;
  • ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есептеу (есепке жазу) жөніндегі міндеттемелер бойынша, дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда-2021 жылғы 1 қаңтарға дейін;
  • төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын міндеттемелер бойынша қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері.

Қаулы 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс (2020 жылғы 5 қарашада жарияланған).  

Өзгелердің жаңалығы