Павлодар полицейлері пәтер ұрлығын ашты

11 Қараша 2022, 19:16
913
Бөлісу:
Павлодар полицейлері пәтер ұрлығын ашты
Фото: Polisia.kz

Павлодар полицейлері пәтер ұрлығын ашты,деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

25 қазанда Павлодар қаласының 66 жастағы тұрғыны полицияға оның пәтерінен терезені сындыру арқылы ер адамға арналған алтын сақинасы, күзен бас киім, телефон және металл сейф ұрланғанын мәлімдеді. 

Онда МЦ 20-01 20 калибрлі тегіс ұңғылы, бір ұңғылы аңшылық мылтығы болған. – Тексеру барысында ер адамның атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсаты бар екендігі анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталған 30 жастағы павлодарлықты анықтап, ұстады. 

Ұрланған мылтық пен телефонды полиция қызметкерлері алды, ал қалған заттарды ер адам бейтаныс адамдарға сатқан. Ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 291-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы