Павлодар педагогикалық университетіне жаңа ректор тағайындалды

Павлодар педагогикалық университетіне жаңа ректор тағайындалды
2174

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Павлодар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен КЕАҚ «Павлодар педагогикалық университетінің» басқарма төрағасы – ректоры болып педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жанбол Жилбаев тағайындалды. Бүгін ҚР БҒМ вице-министрі Мирас Дәуленов онлайн-режимде ППУ-дың профессор-оқытушылар құрамына жаңа тағайындалған басшыны таныстырды, - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өз сөзінде педагогикалық университеттердің білім беру сапасын жақсарту, білікті де жаңа заманға сай кәсіби педагог мамандарын даярлау қажеттігін атап өтіп, жаңа басшының университетті жоғары деңгейге шығаратынына сенім білдірді.

                                                                                                       

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы