Павлодар облысының тұрғындары ерекше табиғи құбылысты тамашалады

12 Қаңтар 2023, 19:27
1584
Бөлісу:
Павлодар облысының тұрғындары ерекше табиғи құбылысты тамашалады

Аудан тұрғындары ерекше табиғи құбылысқа куә болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтем жасап.

Қатты аяз кезінде пайда болған құбылыстың суреттері жергілікті тұрғындардың Instagram парақшасында тарады. Қолданушылар мұндай құбылысты жыл сайын қыс мезгілінде қатты аязда бақылауға болатынын атап өтті.

М.М. Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайындағы обсерваториясының меңгерушісі Виталий Радченко мұндай табиғи құбылыстың географиялық тұрғыдан ерекшелігі жайлы айтты.

Павлодар облысының тұрғындары ерекше табиғи құбылысты тамашалады

– Бұл құбылысты қыста жиі кездестіруге болады. Бірнеше күн бұрын ауа райы жылы болғандықтан, ауада ылғал көп жиналды. Ал ауада қатып қалған ылғал кішкентай мұз текшелеріне айналады. Бұл мұз текшелерінің кішкентай болғаны сонша, олар жерге тез түспей, ауада қалқып тұрады. Сәйкесінше, жердегі жарықтандырудың көмегімен кішкентай мұз текшелері бір бағытта жарқырайды. Яғни шамдардан жарық түскендіктен шағылысу арқылы жарық тіректері пайда болады, – деді Виталий Радченко.

 Спикердің сөзінше, бұл құбылыс өте кең таралған. Жылы ауа райынан кейін аяз басталғанда ауадағы ылғал қата бастайды. Осылайша жарық тіректері пайда болады.

Павлодар облысының тұрғындары ерекше табиғи құбылысты тамашалады

Ал жарық тіректерінің тік орналасу себебі ауада мұз текшелері тікелей жердегі жарық көзінің үстінде орналасуына байланысты болады.

Өзгелердің жаңалығы