Павлодар тұрғындары бір айда 65 млн теңгеден астам сомаға жол ережесін бұзған

7 Ақпан 2021, 00:47
1302
Бөлісу:
Павлодар тұрғындары бір айда 65 млн теңгеден астам сомаға жол ережесін бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың қаңтар айында 12 мыңнан астам тұрғынның әкімшілік заңнаманы бұзу фактісі анықталды, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Жалпы алғанда 104 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Қаңтар айында облыс соттары 366 тұрғынға қатысты әкімшілік қамауға алу түрінде жазалау шарасын қолданды, 3365 азаматқа ескерту жасалды, - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Бүгінгі таңда құқық бұзушылықтардың негізгі саны жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады – 7423 факті, 65 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға кез келген құқық бұзушылыққа төзбеуге және қырағы болуға шақырады.

Күдікті тұлғаларға назар аударыңыз, егер олардың әрекеттері  алаңдатса, бірден «102» нөміріне қоңырау шалыңыз. Біз барлық жерде тәртіпті дамытуымыз керек, - деп атап өтті полковник Жасқайрат Қайыров.

Өзгелердің жаңалығы