Павлодар облысының Тереңкөл ауылында балалар бақшасы ашылды

15 Желтоқсан 2021, 12:18
1472
Бөлісу:
Павлодар облысының Тереңкөл ауылында балалар бақшасы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тереңкөл ауылында 60 орындық «Айналайын» балалар бақшасы қолданысқа берілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Тереңкөл ауданының білім бөлімінің мәлімдеуінше,  «Айналайын» балалар бақшасы бұрынғы «Балалар үйінің» ғимаратында орналасқан. Мектепке дейінгі мекеме 5-6 жастағы балалар үшін 60 орынға негізделіп құрылған. 

- «Айналайын» балалар бақшасына келген балалар қазақ және орыс тілінде оқитын болады. Мұнда 2 топ қазақ, 2 топ орыс тілінде балаларды қабылдаймыз, - делінген баспасөз хабарламасында.

2 қабатты ғимараттың іргетасы 1968 жылы қаланған. Бұл ғимарат 4 топтық, 4 жатын бөлмеден, ас блогынан, кір жуатын бөлмеден, музыкалық залдан, әдістемелік кабинеттен, медецина блогынан тұрады. Жалпы ауданы – 1436,2 шаршы метрді құрайды.

- Балабақшада жалпы саны 38 адам қызмет етеді. Топтық және жатын бөлмелер балалар жиһаздарымен, ойын аймақтарымен, буфет аймағымен жабдықталған. Сабақ өткізуге арналған ойын және спорт жабдықтары бар. Сонымен қатар, музыкалық зал балаларға арналған музыкалық аспаптармен, заманауи мультимедиялық жабдықтармен жасақталған, - делінген хабарламада.

Балалар бақшасының ашылуына облыстық бюджеттен 35 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда Тереңкөл ауданында мектепке дейінгі ұйымдарды ашу қажеттілігі жоқ.

Өзгелердің жаңалығы