Павлодар облысының құтқарушылары көрші өңірге көмекке аттанды

8 Сәуір 2024, 12:20
206
Бөлісу:
Павлодар облысының құтқарушылары көрші өңірге көмекке аттанды

Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары колоннасы Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ  сілтеме жасап.

Құтқарушылар өңірдің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде қажетті көмек көрсететін болады. Еріген суды сорып, траншеялар қазып, қаптарды дайындап және бөгеттерді нығайтады. Жағдай қиындаған кезде павлодарлық құтқарушылар су басқан елді мекендерден халықты жедел құтқаруға және эвакуациялауға дайын.

Көршілес аймаққа барлығы 53 адам, қажетті құтқару жабдықтары мен жүзу құралдарын құраған 10 бірлік техника шықты.

Өзгелердің жаңалығы