Павлодар облысында бірнеше жол ашылды

7 Наурыз 2021, 14:25
1388
Бөлісу:
Павлодар облысында бірнеше жол ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүргізушілерге әлі де ұзақ сапарлардан бас тартуға кеңес берілуде, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының бірнеше автомобиль жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс қалпына келтірілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram каналында жарияланды.

Облыста «Ленин-Ертіс-Русская Поляна» бағыты Ленин кентінен Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі учаске, Қарағанды ​​облысының шекарасынан Екібастұзға дейінгі бөлігі ашылды. Таңғы 10:00-ден бастап Қызылорда-Павлодар жолында қозғалыс қалпына келтірілді.

Алайда, кейбір бағыттардағы жолдарға шықпауға кеңес берілуде. Министрліктің хабарлауынша, Ақмола мен Павлодар облыстарының шекарасында қарлы боран мен жолдағы көру деңгейінің төмендеуіне байланысты 20 көлік кептеліп қалған. Көліктердің колоннасы Шідерті ауылына дейін жетті. Жол 12 техникамен тазартылуда.
Құрметті жол пайдаланушылар, біз қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарға барудан аулақ болуға кеңес береміз, - делінген хабарламада.

Жүргізушілер жолдардағы жағдай туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының сайтында интерактивті карта арқылы немесе тәулік бойғы байланыс орталығы 1403-ке хабарласып біле алады.

6 наурызда қолайсыз ауа райының салдарынан бірнеше жүз автокөлік жолда қалды. Соңғы топ сенбі күні кешке құтқарылды.



Өзгелердің жаңалығы