Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды

1 Желтоқсан 2022, 10:52
718
Бөлісу:
Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылсын, - делінген Жарлықта.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

 Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалсын, - делінген Жарлықта.

Өзгелердің жаңалығы