Павлодар облысының 26 ауылында мобильді интернет сапасы жақсарады

21 Қыркүйек 2022, 12:35
1679
Бөлісу:
Павлодар облысының 26 ауылында мобильді интернет сапасы жақсарады

Келесі жылы Ертіс өңірінің 26 елді мекененді мобильді интернеттің сапасы жақсара түспек, деп хабарлайды Павлодардағы BAQ.KZ тілшісі.

Павлодар облысының 13 ауылында әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Дархан Мырзабаевтың айтуынша, өңірдегі ауылдық елді мекендердің 96%-ы мобильді ғаламтормен қамтылған.

Бүгінгі таңда 352 ауылдың 339-ы мобильді байланыспен қамтылған. Осы жылдың соңына дейін екі елдімекен тұрғындарына байланыс қолжетімді болады. Нақтырақ айтқанда, Ақтоғай ауданының Разумовка және Аққулы ауданының Қазантай ауылы. Қазіргі уақытта базалық станциялардың құрылысы аяқталып, сынақ жүзінде жұмыс істеп жатыр. Десе де, 1200 халқы бар тағы 11 ауыл мобильді байланыссыз отыр. Өкінішке қарай, байланыс операторлары ауыл тұрғындарының аздығына байланысты тиісті жұмыстарды қолға алғысы келмейді. Сондықтан, салалық министрліктің бастамасымен халқы аз ауылдарды геостационарлық емес спутниктік жүйе арқылы байланыспен қамту мәселесі қарастырылып жатыр, - дейді Дархан Мырзабаев.

Жоба келесі жылы жүзеге асырыла бастайды. 

Биыл 26 ауылда мобильді интернет сапасын жақсарту үшін геостационарлық емес спутниктік технология қолданылады. Сонымен қатар, 2024 жылдың соңына дейін тағы 46 елді мекенде ғаламтор сапасы жақсарады. Халықтың шағымдары бойынша монитоирнгтік шаралар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде 13 ауылда интернет сапасы нашар екені анықталды. Бұл деректер бойынша ұялы байланыс операторларына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, - дейді басқарма басшысы. 

Сала мамандарының айтуынша, барлық ауылдағы интернет мәселесі 2025 жалғы қарай толық шешілмек. 

Өзгелердің жаңалығы