Павлодар облысының ғалымдары экспедицияға аттанды

10 Маусым 2020, 09:38
1316
Бөлісу:
Павлодар облысының ғалымдары экспедицияға аттанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертіс өңірінің ғалымдары халықаралық экспедицияға аттанды. Биылғы археологиялық қазба кезінде "Марғұлан орталығының" бір топ зерттеушісі Ақтоғай ауданындағы Сілеті көлінің аумағын тыңғылықты зерттемек, деп жазды Хабар24. 

Басты мақсат Алтын Орда кезеңіне жататын тарихи ескерткіштерді тауып, құпияларын ашу. Бұған дейін осы жерлерден мазарлардың орындары  мен жәдігерлер табылған. Экспедиция жұмысы бір айға созылады. Осы уақыт аралығында қазба жұмыстарымен 20-дан астам археолог маман айналыспақ.

Зерттеу науқаны осымен шектелмейді. Жаз айларында Әуликөл ескерткіштері, Қызылоба мазарлары мен өзге де ескерткіштер зерттелмек. 
Олардың ішінде Әулиекөл мазарлары, одан әрі қарай Сілеті өзені алқабындағы Қызылоба, Жантай. Әлі қазылмаған ескерткіштерді зерттейміз. Жалпы бұл Сілеті өзенінің алқабында әлі де көптеген Алтын Орда кезеңіне жататын мазарлар бар. Ал Қызылоба ескерткіші ол былтыр ғана ашылған болатын. Алдын ала археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде ол шын мәнінде Алтын Орда кезеңіне жататыны анықталды, - дейді "Ертіс" мультимедиа музейі ежелгі археология бөлімінің меңгерушісі  Жақсыбек Нұртаев.


Өзгелердің жаңалығы