Павлодар облысындағы өртті сөндіруге әскери ұшқыштар жұмылдырылды

8 Қазан 2024, 01:20
312
Бөлісу:
Павлодар облысындағы өртті сөндіруге әскери ұшқыштар жұмылдырылды
VIDEO
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары өрт сөндіруге жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Павлодар облысының Желтау ауылында болған ірі өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшқыштары көмекке келді. Аспалы су төгетін цистерналарды пайдалана отырып, Ми-17 бортының экипажы тәулік ішінде шамамен 36 тонна су тастады, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Бұл шаралар жетуі қиын аймақтарда өрттің таралуын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні Қарағанды мен Павлодар облыстарында өрт болды.

Өзгелердің жаңалығы