Павлодар облысындағы дауылдан қаза тапқан әйелдің барлық несиесі төленеді
Павлодар облысындағы дауылдан қаза тапқан әйелдің барлық несиесі төленеді
Павлодар облысындағы дауылдан қаза тапқан әйелдің барлық несиелері төленеді және алдағы 2 жылда ол тұрған пәтердегі жылу мен судың коммуналдық қызметтеріне ақы төленетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Фото: instagram/ aqsuakimdigi
Павлодар облысының әкімі Асаиын Байхановтың тапсырмасы бойынша қайтыс болған Марина Валерьевна Пахомованың отбасына келесідей қаржылық қолдау көрсетілді:
• жұмыс істеген еңбек кезеңі үшін өтемақы; • БЖЗҚ-дан бөлінген жерлеу рәсіміне арналған қаражат; • жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қаражат.
Жиналған барлық қаражат жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, ас беруге, сондай-ақ ескерткіш тас сатып алуға жұмсалды. Мұның барлығымен волонтерлар айналысуда. Жаназа рәсімінде туған-туыстарын тасымалдау үшін автобус берілді, - делінген облыстық әкімдіктің хабарламасында.
Павлодар облысының әкімдігінің мәліметінше, сондай-ақ Kaspi Bank, Halyk bank және "KMF" МҚҰ-дағы ағымдағы несиелері төленеді. Бұдан басқа, 2025-2026 жылдар кезеңі үшін (екі жыл) қаза болған адам тұрған пәтердегі жылу мен судың коммуналдық қызметтеріне ақы төленетін болады.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысындағы дауылдан 16 адам зардап шегіп, 1 әйел қаза тапқаны хабарланған еді.
Белгілі болғандай, Павлодарда дауылдан зардап шеккендерге 393 200 теңге өтемақы төленеді.