Павлодар облысында адам қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

17 Тамыз 2021, 12:55
1834
Бөлісу:
Павлодар облысында адам қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, ЖКО орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Май ауданы Малайсары ауылдық округінің Ақсарай бөлімшесінен 2 шақырым және «Ленин – Курчатов» автожолынан 119 шақырым жерде жол апаты болды.

Белгісіз жүргізуші анықталмаған автокөлікпен Май ауданының тұрғыны – 21 жастағы шаруа қожалығының жұмысшысын қағып кетті. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция аталған ЖКО жасаған және оқиға орнынан жасырынған автокөлікті іздестіру тобы құрылғанын атап өтті. Оқиға орнынан көліктің фрагменттері мен іздері тәркіленді. Іздеу шаралары жүргізілуде.

Жол-көлік оқиғасы және ЖКО орнын қалдыру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабының 3-бөлімі және 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті зертханалық зерттеулер мен сараптамалар тағайындалды, ЖКО орнынан жасырынған автокөлік пен жүргізушінің орналасқан жерін анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде, – деп атап өтті Жасқайрат Қайыров.


Өзгелердің жаңалығы