Павлодар облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды

17 Сәуір 2023, 14:05
637
Бөлісу:
Павлодар облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды
Фото: Polisia.kz

16 сәуір күні ВАЗ - 217030 автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі Астана – Ерементау-Шідерті автожолында аударылып қалған, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

ЖКО салдарынан 34 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақатынан қайтыс болды. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, автокөлік арнайы тұраққа қамалды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы