Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды

20 Қараша 2023, 00:24
2549
Бөлісу:
Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды
Фото: Павлодар облыстық ПД

Павлодар облысында жоғалған 7 жасар қыздың мәйіті табылды, анасы болған істі мойындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де болған оқиғаны растады.

Өкінішке қарай, қыздың денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Оқиғаның мән-жайын полициядан біле аласыздар,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Павлодарлық құтқарушылар сонымен қатар қыздың анасының істеген әрекетін мойындағанын жеткізді.

Айта кетейік, Милана 17-қараша күні Екібастұздан 50 км жердегі Бесқауға ауылында жоғалып кетті. Осы күні кешкісін сағат 9:00-дер шамасында қыздың анасы полицияға шағым түсірді. Милананы екі тәулік бойы 400 адам іздеді. Тіпті іздеу жұмыстарына тікұшақ пен кинологтар да жұмылдырылды.

 

Өзгелердің жаңалығы