Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бақытты бала» жазғы бағдарламасы шеңберінде Ертіс ауданындағы Қарақұдық мектебінің базасында 5-8 сынып оқушыларына арналған «Жас ақын» бейіндік лагерінің ашылуы өткізілді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Жас ақындар лагеріне аудан мектептерінен талантты, дарынды деген 15-ке жуық оқушы қатысуда. Іс-шараның ашылу салтанаты «Zoom» платформасы арқылы жүзеге асырылды.
«Жас ақын» мектебінің мақсаты – бойында ақындық қабілеті бар, өлең-жырға құмар оқушыларды іріктеу, қолдау болып табылады. Бабаларымыздан мұра болып қалған төл өнерімізді ары қарай дамыту, - деді мектепте.
Лагерьдің бірінші күні ҚР Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, ақын Жарқынбек Амантайұлымен онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Ол облысымыздың жазушылар қауымдастығы, жазушылардың жұмыс үдерісі туралы айтып берді. Қатысуышылар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, өздеріне тұшымды жауап алды, - деді мектеп мұғалімі Амангелді Жұматайұлы.
Мектеп директоры Қымбат Қимышқызы аудандық деңгейде жас ақындарды іріктеу мектептерінде екінші мәрте өткізіліп отырғандығын атап өтті.
Салтанатты іс-шараны ұйымдастырушы қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуанышбек Жеңісұлы дарынды, талантты оқушыларды іріктеп, оларды қолдап, Павлодар облыстық жазуышылар одағымен алдағы уақытта жұмысты жалғастыратындарын айтты.