Павлодар облысында уылдырық шашу кезінде заң бұзғандар азайды

9 Маусым 2022, 18:40
1639
Бөлісу:
Павлодар облысында уылдырық шашу кезінде заң бұзғандар азайды
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің балық шаруашылығы су айдындарында уылдырық шашу кезеңі аяқталды. 

Мамандардың мәліметінше,облыс аумағында шаруашылық санатындағы 200-ден астам өзен көл бар. Олардың 160-тан астамы – тұщы су айдындары.

Уылдырық шашу кезінде өңірдің барлық балық шаруашылығы айдындарында балық аулауға тйым салынды. Су көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Табиғат заңнамасын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қармақ немесе ау салған жеке тұлғаларға 10 АЕК көлемінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Биыл 36 дерек тіркелді. 717 мың теңгенің айыппұлы салынды». Сонымен қатар, балық аулауда пайдаланылған 14 заңсыз құрал тәркіленді. 150 келі балық табылды», - дейді Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы  басшысының орынбасары Нұржан Қазтай. 

Павлодар облысында уылдырық шашу кезінде заң бұзғандар азайды

Жыл басынан бері тексерістер нәтижесінде 144 хаттама толтырылып, 20-ға жуық материал сот органдарына жолданды. 2 млн 700 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Басым бөлігі өндіріліп алынды.

Уылдырық шашу кезеңінде «Таза су айдындары» эологиялық акциясы да өткізілді. Су айдындары тұрмыстық қалдықтар мен қараусыз қалған аулардан тазартылды. Нәтижесінде екі шақырымдық қытайлық ау мен үш тоннадан астам қоқыс шығарылды. 

Мамандардың айтуынша, өткен жылдармен салыстырғанда заңбұзушылықтар әлдеқайда азайған. Рейд шаралары кезінде өзен-көлдерде жүретін адам саны азайған. 

Өзгелердің жаңалығы