Павлодар облысында Toyota Land Cruiser көлігі жанып кетті

28 Сәуір 2022, 02:13
1175
Бөлісу:
Павлодар облысында Toyota Land Cruiser көлігі жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол шетінде отқа оранған көлік туралы хабарлама Павлодар облысы ТЖД-ның "101" пультіне 2022 жылғы 27 сәуірде сағат 18:33-те келіп түсті.

Мичурино ауылы мен Павлодар ауылының арасындағы жол шетінде Land Cruiser отқа оранған. Көлік толығымен жанып кетті, өрт аумағы үш шаршы метрді құрады.

Өрт 19:01-де сөндірілді. Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамының үш адамы және бір техникасы жұмыс істеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлайды Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Өзгелердің жаңалығы