Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақсу қаласында полиция қызметкері асылып қалды. Павлодар облысының полиция департаменті полицейдің өз-өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді.
5 шілдеде сағат 23.40-та Ақсу қаласында полиция майорының мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Орымбаев.
Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері соталды тергеу барысында анықталады, - деді Жандос Орымбаев.