Павлодар облысында оқушы орындарының тапшылығы азайып келеді

23 Ақпан 2022, 07:35
1297
Бөлісу:
Павлодар облысында оқушы орындарының тапшылығы азайып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы өңірде 5 оқу орны пайдалануға беріліп, 3350 жаңа оқушы орны пайдалануға берілмек. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңес барысында белгілі болды. 

 Павлодар облысында «Білімді ұлт» ұлттық жобасы қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы баяндады. Ол алдағы төрт жылда өңірде 7 мектепке дейінгі мекеме іске қосылатынын, бұл 2025 жылы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 97%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін айтты. Оқушы орындарына келетін болсақ, осы жылдың басында олардың тапшылығы 7015-тен астам орынды құрады. Егер 2019 жылмен салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіш 11 мыңнан асады. 

Биыл пайдалануға беруге 5 нысан дайындалуда, бұл 3350 жаңа оқушы орнын береді, - деп атап өтті ведомство басшысы. - 2021 жылы 56 мектеп жаңғыртылды, ал биылғы жылы 55 оқу орнында күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда, – деді басқарма басшысы.

Аймақ әкімі Әбілқайыр Сқақов барлық жаңартылған мектептің заманауи стандарттарға сай болуын талап етті. Оның айтуынша, бұл жаңғырту өңірдегі оқушылар арасында үлгерімнің артуына алып келуі тиіс. Сондай-ақ әкім оқу орындарын жылыту мәселесіне де назар аударды.

Мектептерді көмірмен қамтамасыз ету бойынша жағдайды талдау қажет. Бұл тиісті басқарма мен жергілікті әкімдердің құзырындағы сала. Пилоттық жоба ретінде Павлодар іргесіндегі көмірмен жылытылатын ауыл мектептерін сұйылтылған газбен жылытуға көшіруге болады. Осыдан кейін бұл жүйенің тиімділігін есептеу маңызды, – деді Әбілқайыр Сқақов.

Өзгелердің жаңалығы