Павлодар облысында мемқызметкер заңсыз жұмыс істеп келген

16 Қаңтар 2019, 18:06
4246
Бөлісу:
Павлодар облысында мемқызметкер заңсыз жұмыс істеп келген

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында екі қызметті бірдей атқарып келген мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды. Бұл туралы ҚР МҚІСЖҚА мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Төлебаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметтегі мүдделер дауына мониторинг жүргізеді екен. Осы орайда ол Павлодар облысындағы мемлекеттік қызметкердің заңсыз жұмыс істеп келгенін атап өтті.

«Павлодар облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметкердің екі қызметті бірдей атқарғанын анықтады. Яғни ол Жолаушылар көлігі басқармасының іс қағаздарын жүргізу инспекторы, маршрут линияларын бөлу комиссиясының мүшесі қызметін, сондай-ақ Тасымалдаушылар қауымдастығының президенті қызметін атқарған. Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысымен ол басқармадағы қызметінен босатылды», - деді департамент директоры Астанада өткен брифингте.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 330 мың теңгеге өскенін, әрі ұлттық бюро түлектердің ҰБТ-дан қалай жоғары балл алатынын тексеретінін жазғанбыз.

Дәурен ЕРБОЛАТҰЛЫ

Өзгелердің жаңалығы