Павлодар облысында ірі металлургиялық кластер пайда болады

4 Қазан 2022, 21:58
1019
Бөлісу:
Павлодар облысында ірі металлургиялық кластер пайда болады

Ферроқорытпалар мен болат өндіретін кәсіпорындар, металды екінші қайтара өңдеу бойынша фабрика, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының металлургиялық кластері аясындағы жобалардың алғашқысының негізін қалады.

«Mineral Product International» ЖШС истициялық жобасы жылына 160 мың тонна ферроқорытпа шығара алады. Ферроқорытпалар өндіретін кәсіпорының ерекшелігі - зиянды шығындыларды 99,7%-ға дейін тазартуда. Дайын өнім Еуразиялық Одақ, Азия елдері мен АҚШ металлургиялық нарығын 100% қамтамасыз етеді. Инвестициялардың жалпы сомасы 360 млн АҚШ доллары.

Облыс әкімі атап өткендей, экспорттық бағыттағы кәсіпорын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға жасаған сапары кезінде сөз болған ірі металлургиялық кластердің алғашқы жобасы болмақ.

Металлургиялық кластер құрамына металды екінші қайтара өңдеу фабрикасы, феррқорытпалар мен болат өндіру кәсіпорындары кіреді. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы 2025 жылға дейін өңдеуші өнеркәсіп көлемін 57%-ға арттыруға жағдай жасалады. Жергілікті тұрғындарға үш мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу мүмкін болады, - деді облыс әкімі. 

Жыл сайын 3 млн. тоннадан артық болат өнімі ішкі нарықты қамсыздандырып, сол арқылы импорт көлемін 70%-ға азайтуға жол ашылады. Компания акционері Сергей Кан айтып өткендей, Павлодар облысында металлургия саласын дамыту үшін барлық жағдай жасалған.

Мемлекет преференциялар және қажетті инфрақұрылымды тартуға мүмкіндік беру арқылы инвесторларға барынша жағдай жасауда. Павлодар облысын таңдау кезінде мұндағы шикізаттық база, жоғары білікті мамандар мен энергетикалық мүмкіндіктерге ерекше назар аудардық, - деді акционер. 

Жалпы, облыстағы өнеркәсіптік өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жеткен - бұл ҚР бойынша екінші көрсеткіш. Шикізаттық емес экспорт 1,4 есеге артып, ел көлемінде екінші орынға ие. 2025 жылға дейін жалпы сомасы 2 трлн теңгеге барлығы 143 ірі инвестжоба жүзеге асыру көзделуде. Сол арқылы он мың жаңа жұмыс орын ашылмақшы.

Өзгелердің жаңалығы