Павлодар облысында есірткіге тәуелділердің саны артқан

10 Қыркүйек 2021, 07:45
15047
Бөлісу:
Павлодар облысында есірткіге тәуелділердің саны артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының аумағында ресми тіркелген есірткіге тәуелділердің саны - 2080 адам, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмыстылығына қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы, полиция   майоры Ирина Тимиргалиева тұрғындардың көп қолданатын зиянды затын айтты.
Ең жиі қолданылатын есірткі - бұл алкоголь. Оны жиі тұтынады. Өлім-жітімнің екінші себебі алкогольге байланысты жол-көлік оқиғасы бойынша болып табылады, - деді Ирина Тимиргалиева.
Полиция майоры есірткіге тәуелді адамдар өз өмірлерінде бір нәрсені өзгерткісі келетінін айтады.

Жас адамдар есірткіні қолданудың тек бірнеше себептерін атап өтті: бұл - басқаларға еліктеу үшін, көңіл көтеру, босаңсу, ойын басқаға аудару, ересек болып көріну, шегіп көруге деген қызығушылық.

Олар есірткі мәселелерін шешеді деп ойлайды. Бірақ уақыт өте келе есірткінің өзі проблемаға айналады, - деді Ирина Тимиргалиева. - Қалай болғанда да өз проблемаларыңды есірткіні пайдалану арқылы шешу дұрыс емес, сол арқылы одан сайын проблемаға батасың. Одан да мүлдем есірткіден бас тартқан дұрыс.

Өзгелердің жаңалығы