Павлодар облысында «Ертіс орманы» өртенді

18 Маусым 2021, 21:38
1622
Бөлісу:
Павлодар облысында «Ертіс орманы» өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 маусымда 12 сағат 36 минутта Павлодар облысы Аққулы ауданының 101 желісіне «Ертіс орманы» орман қорында жану туралы хабарлама келіп түсті. 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жіберілді. «ҚазАвиа»  күзету қызметкерлері тікұшақпен ұшып өткеннен кейін, Байымбет орманшылығында бес бөлек ошақта өрт болғаны анықталды. 

\Өртті сөндіруге Павлодар облысы ТЖД жеке құрамнан 8 адам және 3 техника, сондай-ақ, «Ертіс орманы» орман қорғауынан 60 қызметкер және 17 техникасынан жұмылдырылды. Сағат 15-00-де барлық өрт ошағы уақытында оқшауланды.

Өзгелердің жаңалығы