Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында ер адам әйелінің үстіне спирт құйып, өртеп жіберген. Бірінші дәрежелі күйік шалған ауыл тұрғыны Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар ауданының полициясына ауылдардың бірінде ер адам әйелін өртеп жібергені туралы қоңырау шалынды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 8 тамыз күні сағат 02.00 шамасында ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғанын анықтады. Күйеуі мас күйінде өз көлігімен кетуге тырысқан, ал әйелі оған тыйым салған. Арада жанжал шығып, күйеуі тоңазытқыштан спирт алып, жұбайының үстіне құйған да, оттықпен жағып жіберген. Сол күні қайын атасының мерейтойында болған, - деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Есін жиған сәтте дереу өртті сөндіруге тырысып, әйелінің сыртқы қиімдерін шешіп, жедел жәрдем шақырған. Аталған фактіге қатысты полиция Қазақстан Республикасы ҚК 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.