Павлодар облысында эпидахуал жақсарып келеді

8 Маусым 2021, 19:30
1606
Бөлісу:
Павлодар облысында эпидахуал жақсарып келеді
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірі коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша сары аймақта. Соңғы аптада ауру жұқтыру деректерінің төмендеуі байқалады.

Облыстық бас санитарлық дәрігер Батырбек Әлиевтің хабарлауынша, өткен аптада өңірде 51 ауру жұқтыру дерегі тіркелді. Тәуліктік өсім 0,2%-ды құрайды.

Биыл 1-7 маусым аралығында 405 жағдай, ал алдыңғы аптада 590 жағдай тіркелді. Ауру жұқтыру көрсеткіші төмендеп келеді. Мемлекеттік шекарада мониторинг тұрақты жүргізіледі. Өткен аптада шекараны 637 азамат кесіп өтті. Тексеріс барысында карантиндік стационарға 18 адам орналастырылды. Ауру жұқтыру дерегі анықталған жоқ, - дейді Батырбек Әлиев.

Қазіргі уақытта 500-ден астам павлодарлық стационарлық ем қабылдап жатыр. Соңғы тәулікте 40 адам аураханаға жатқызылды. Аймақтағы инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 27%-ды құрайды. Жасанды демалу аппараттарына сегіз азамат қосулы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтың хабарлауынша, өңір халқы үшін ақпан айынан бері вакцинаның бірінші компонентінің 116 мыңнан астам және екінші компоненттің 74 мыңнан астам дозасы түкен. Тұрғындарға екпенің үш түрі қолжетімді.

Вакциналау емдеу мекемелерінің 113 екпе кабинетінде жүргізілуде. Вакцинаның бірінші компонентін 88 мыңнан астам тұрғын алды. Ал екінші компонент 46 мыңнан астам тұрғынға салынды. Жұмысшы ұжымдарды қамту мақсатында кешенді жоспар әзірленген. Осы айдың ортасына қарай шамамен 50 мың доза әкелінеді деп жоспарланған, - дейді Айдар Сейітқазинов.

 Айта кетейік, облыста вакцинадан кейін коронавирустық инфекция жұқтырғандардың статистикасы жүргізіледі.

 «Спутник V» екпесінің бірінші компонентін алғаннан кейін 50 адам ауруға шалдыққан. Олар сырқаттың жеңіл және орташа түрімен ауыпып қалды. Жалпы, аймақта 70 мыңнан астам азаматқа иммундау препараты салынды.



Өзгелердің жаңалығы