Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің экологтары аллергия тудыратын зиянды өсімдік бойынша зерттеу жұмыстарын аяқтады. Екі жылдық зерттеу жұмыстарына 5 миллион теңге жұмсалған.
Кешенді зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, аллерген-өсімдікпен күресу мен оның таралуын тоқтату бойынша тиімді әдістер әзірленді. Мамандардың айтуынша, жіпжапырақты циклахена иірменмен туыстас өсімдік болып табылады. Оның тозаңы аллергия тудырады.
Аллергияға шалдыққан адамның белгілері асқына береді, ал емдеу қиындық тудырады. Бұған дейін азаматтар антигистаминді препараттың бір таблеткасын ішіп, емделе алса, бүгінгі таңда бұдан бөлек дәрілер қажет етіледі. Ал уақыт өткен сайын ем-дом шаралары барысында гормоналды құралдар да керек болады. Осылайша, аллергияға шалдыққан адам 5-6 дәрі түрін ішуге мәжбүр, - дейді дәрігер-иммунолог Арман Байдилов.Аймақтағы циклахена өсімдігін зерттеумен «Берегиня Био» қоғамдық қорының сарапшысы Татьяна Пономарева айналысып келеді. Эколог-маманның айтуынша, зиянды өсімдіктің отаны Солтүстік Америка саналады, ал облысқа еліміздің оңтүстік өңірлерінен әкелінген.
Өсімдіктің биіктігі 3 метрге дейін жетеді. Оның сабақтары қарбыз өсіру кезінде қолданылған. Тұқымы осылайша әкелінді. Циклахенамен күрес жұмыстарына тұрғындар да атсалысса дейміз. «Қазхром» компаниясының қолдауымен түрлі сынақтар өткізідік. Қазіргі уақытта қолымызда осы арамшөппен күресудің кешенді жоспары бар, - дейді эколог.Алдағы уақытта қоғамдық белсенділер өсімдікті карантинді шөптер тізіміне енгізбек. Себебі, циклахена ауыл шаруашылығы мақсатындағы өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіреді. Ал бір өсімдік 300 мың данаға дейін тұқым шашуға қауқарлы. Тұқымдардың өміршеңдігі сегіз жылға дейін жетеді. Сарапшылар зерттеу жұмыстарының қорытындысын бір кітапқа топтастырмақ. Ал саяжай иелеріне циклахенамен күрес бойынша кеңестер беріліп, буклеттер таратылмақ.