Павлодар облысында балаларға арналған оңалту орталықтары ашылады

7 Қыркүйек 2022, 18:26
1004
Бөлісу:
Павлодар облысында балаларға арналған оңалту орталықтары ашылады
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған сапалы инфрқұрылым желісін кеңейту бағытындағы жұмыстар басталды.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, жыл соңына дейін үш орталық ашылады. 

Павлодар қаласындағы оңалту орталығының аумағын 1,5 есеге кеңейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар осы айда аяқталады. Ал қараша айында аутизм диагнозы қойылған балаларға арналған күндізгі орталық ашылады. Ерте араласу орталығының ғимараты жаңартылып жатыр. Сонымен қатар, тағы бір нысанды еконструкциялау жоспарланған. Алдағы уақытта ресектерге арналған орталық 150 орынға шақталған орталық құрылысы басталады, - дейді аймақ басшысы.

Айта кетейік, үш орталыққа арналған ғимараттарды мемлекеттік органдар босатып берген. Өңірде балалықты қорғау мақсатында 45 мыңнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамьылған. Қаржыландыру 1,8 есе артқан. Ал 8,5 мың оқушы қоғамдық көлікте тегін жүреді. 

Ал жазғы каникул кезінде балалардың демалысын сапалы өткізу мақсатында музейлерге тегін кіруге рұқсат берілді. Осылайша, 115 мыңнан астам оқушыға арнайы карточкалар таратылды. Жалпы, оқушыларды әлеуметтік қолдау мақсатындағы шараларға мемлекеттік бюджеттен 32,7 млрд теңге бөлінген. 

Өзгелердің жаңалығы