Павлодар облысында ауыл әйелдерінің форумы өтті

17 Қыркүйек 2020, 15:39
1790
Бөлісу:
Павлодар облысында ауыл әйелдерінің форумы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан әйелдерінің форумы бүгінде ел бойынша ең ауқымды қозғалысқа айналды. Ол 2018 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Бүгін дәстүрлі форум Павлодар облысында онлайн форматта өтті. 

Ауыл әйелдерінің мәселесін 8-ші жыл қатарынан көтеріп келеміз. Ол «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы, әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Әлем бойынша жұмыссыз жүрген әйелдерді жұмыспен қамту әлеуметтік жобасына 8-ші жыл қатысып келеміз. Бұл жобаның әрі қарай жалғасуы өзімізге байланысты. Әйелдер бір-бірімен тәжірибе алмасып, көмек көрсете алатын орта ұсынғымыз келді. Соңғы үш жылда ауыл әйелдерінің форумы оған ыңғайлы платформа болып отыр, - деді Мәжіліс депутаты Майра Айсина. 

Ол атап өткендей, былтырғы форумға 3 мыңға жуық ауыл әйелі қатысқан. 

Өткен жылы тек қазақстандық қана емес, өзге елдің әйелдері де қатысты. Әзірбайжан, Қырғызстан және Ресей әйелдері келіп, өз тәжірибелерін алға тартты, - деді ол. 

Павлодар облысы бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Альмира Дисюпова атап өткендей, 2020 жылдың басынан Павлодар облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы қатысушыларының құрамына 7705  әйел қосылды, оның ішінде ауыл әйелдерінің саны - 3076.

Облыста еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде - техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету оларды қажетті мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау жөнінде шаралар қолданылады. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 600 адам техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға жіберілді. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 268 әйел, оның ішінде 38 ауыл әйелі жіберілді, - деді ол. 

Сондай-ақ, Дисюпова айтып өткендей, бағдарлама аясында  «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға 381 әйел, оның ішінде 323 ауыл әйелі жіберілді.

Өз ісін дамытуға шағын кредитті 86 әйел, оның ішінде 80 ауыл әйелі алды. Барлығы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін әйелдерге 357 грант, оның ішінде ауыл әйелдеріне 235 грант берілді. Бағдарлама аясында 2017-2019 жылдар аралығында 6,6 млрд теңгеге 1420 микронесие берілген. Бұл ретте жалпы қарыз алушылар санынан 26,6 % немесе 378 несие әйел кәсіпкерлермен алынған. Микронесиелердің басты бөлігі мал шаруашылығы саласындағы бизнесті дамытуға бағытталған. Сонымен бірге тамақ істеу, киім-кешек және жартылай фабрикат өнімдерін дайындауға және де тағы басқа бағыттағы жобалар бар, - деді ол. 

Альмира Дисюпова атағандай, аналогиялық кезеңде «Бастау бизнес» жобасы аясында  бизнесті жүргізу қабілеттілігін арттыру мақсатында 2430 әйел оқудан өткен.

Бос жұмыс орындарына 4931 әйел жұмысқа орналастырылды. Оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету және оларға бастапқы тәжірибе алу мүмкіндігін беру үшін Бағдарлама бойынша «Жастар практикасы» шарасы іске асырылуда, оның шеңберінде оқу орындарында алған мамандықтары бойынша 461 әйел, оның ішінде 212 ауыл әйелі жіберілді. Қоғамдық жұмыстар ауылдық әйелдердің уақытша жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің бір түрі болып табылады. 4489 қоғамдық жұмысқа қатысушылардың 54,7 пайызын әйелдер құрады (2458 әйел), оның ішінде ауыл әйелдері – 1755, - деді ол. 

Оның айтуынша, әлеуметтік жұмыс орындарына 435 әйел жұмысқа орналастырылды, оның ішінде ауыл әйелдері – 168.

«Жасыл экономиканы қолдау  және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ бірге ауыл әйелдеріне блиц-тренингтер өткізілді, жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті қолдау тетіктері түсіндірілді және дайын бизнес-кейстер ұсынылды. 2020 жылдың шілде-тамыз айларында Павлодар облысының барлығы 500 ауыл әйелі қамтылды. Бүгінгі күні «Coca Cola белестері» атынан гранттардың конкурсына 7 әйел құжаттар жіберді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы