Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады: Қаза тапқан адам бар

Оқиға орнына мамандар жіберілді.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 12:49
Бүгiн 2026, 12:49
137
Фото: pixabay.com

Павлодар облысында Железинка ауылы маңында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі авиациялық-химиялық жұмыстарды орындап жүрген. «ЭЛИСА» бірлестігіне тиесілі ұшақ электр желілеріне тиіп кетіп, кейін апатқа ұшыраған болуы мүмкін.

Ұшақ бортында екі адам болған. Олардың бірі оқиға орнында қаза тапты. Екінші ұшқышты төтенше жағдайлар қызметінің мамандары ұшақ ішінен шығарып алған. Зардап шеккен адам есін білген.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті тексеретінін мәлімдеді.

 
Наверх