Павлодар облысында алименттен жалтарған 100  әке жұмысқа орналастырылды

14 Қараша 2022, 17:51
921
Бөлісу:
Павлодар облысында алименттен жалтарған 100  әке жұмысқа орналастырылды

Ертіс өңірінде алимент төлеуде қашып жүрген азаматтарға жұмысқа орналассу бойынша көмек көрсетілуде. Жыл басынан бері 100 әке екі қолға бір күрек тапты, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Әділет министрі Қанат Мусин хабарлады. Министрдің айтуынша, Павлодар облысында балалары алдындағы борышын өтемей жүргендермен күрес шаралары жемісін беруде.

Қазіргі уақыттаа ймақта 15 мемлекеттік және 90 жекеменшік сот орындаушылары жұмыс істейді. Олардың ішінде алименттерді өндурі бағытында еңбек етіп жүргендері көп. Осы жылдың тоғыз айында алименттік төлемдерін өтемегені үшін 173 борышкер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 110 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тағы 124 ер азаматқа шетел асуға уақытша тыйым салынды. Бұл мәселені біз өзіміз шеше алмаймыз. Өзге де мемлекеттік органдардың көмегі керек. Борыштарынан жалтарудың негізгі себебі – тұрақты жұмыс пен мүліктің болмауы. Сондықтан, бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастырып, оларға жұмыс ұсынып жатыр, - дейді Қанат Мусин.

Бүгінде аймақта алимент төлеушілердің саны 17 мыңға жеткен. Министр «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңына сәйкес кей санаттағы азаматтарға тегін көмек көрсетілетінін еске салды. 

Заң бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы мүшелері, 1,2 санаттағы мүгедектер және зейнеткерлер тегін көмек алуға құқылы. Мамандар кеңес береді. Мәселен, осы жылдың тоғыз айында Солтүстік Қазақстан облысының алты мың тұрғы бұл мүмкіндікті пайдаланған, - дейді Қанат Мусин.

Айта кетейік, саланы цифрландыру бағытында да қарқынды жұмыс атқарылуда. Мәселен, еліміздің үш облысында «Цифрлық нотариат» жүйесі іске қосылған. Әділет саласы бойынша сұрақтар туындаса, кез келген азамат 119 қысқа номері бойынша хабарласа алады. Қызмет тәулік бойы, тегін жұмыс істейді.  

Өзгелердің жаңалығы