Павлодар облысында 6 млрд теңгеге заңсыз сатып алу жойылды

19 Қазан 2023, 13:30
635
Бөлісу:
Павлодар облысында 6 млрд теңгеге заңсыз сатып алу жойылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Павлодар облысында мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті емес тәсілімен жеткізушілерді таңдау фактілері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Еңбек-Өскемен» РМК филиалымен және «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС-мен бір көзден негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы 6 млрд теңге.​

Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті талап арыз жұмыстарын жүргізді.

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен 11 шарт жарамсыз деп танылды.

Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 207-бабы (мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы