Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде қос азаматтығы бар 90 адам жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, елімізде қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетел азаматы бір мезгілде Қазақстан Республикасының азаматы бола алмайды. Егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алатын болса, онда сол кезден бастап Қазақстан Республикасының азаматтығы сақталмайды.
Облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы 2020 жылдың 10 айында 544 адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеді, оның ішінде 454 адам басқа мемлекеттің азаматтығы бар екендігі туралы өз бетінше хабарлады. Сондай-ақ 90 адам бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартумен қос азаматтық фактілерін анықтады, - деді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Уәлиев.
Сонымен қатар, басқа мемлекеттің азаматтығы бар 34 азаматтың қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны. Басқа мемлекеттің азаматтығын алу туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 55 құқық бұзушы және 1 лауазымды адам жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан паспортын тапсыруға шешім қабылдаған азаматтардың негізгі бөлігі Ресей азаматтығын алады. Мәлімдемелерде адамдар өздерінің қоныс аударуын Ресейде балалары оқиды немесе қамқорлықты қажет ететін қарт жастағы науқас ата-аналары тұрады деп түсіндіреді. Олардың Қазақстанға көшуіне алаңдамауы үшін адамдар өз азаматтығын ресейлік құжатқа ауыстырады, - деді Арман Уалиев.
Мысалы, Ресей Федерациясының азаматтығын алған Успен, Шарбақты және Железин аудандарының бұрынғы тұрғындары бойынша Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланған қос азаматтық фактілері анықталды. Успен ауданының тұрғыны ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдап, Ресей паспортын алып, заңнамада белгіленген мерзімде басқа республиканың азаматтығын қабылдағаны туралы хабарламады және қазақстандық паспортын тапсырмады. Успен ауданы сотының қаулысымен азамат ҚР ӘҚБК 496-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 388 920 теңге көлемінде айыппұл салынды