Павлодар облысы аумағында мал ұрлаушылар тобы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жедел қызметкерлер 9 күдіктіден тұратын қылмыстық топты ұстады, олардың төртеуі қамауға алынды.
Алдын ала мәлімет бойынша, өткен күзде күдіктілер еркін жайылымдардан мал ұрлаған. Кейін малды сойып, етін өткізген. Келтірілген материалдық шығын 40 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы тексерілуде. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.
Бұдан бөлек, полиция ветеринарлық қызметпен бірлесіп, мал мен ет өнімдерін тасымалдау бойынша тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Мамандар жайылымдарды және қараусыз жүрген малды, сондай-ақ сауда нүктелерін, базарларды, сою пункттерін және мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексеруде.