Павлодар облысында 22 мәдени нысан жөнделуде

8 Маусым 2020, 19:28
1737
Бөлісу:
Павлодар облысында 22 мәдени нысан жөнделуде
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылы Ертіс өңірінде 22 мәдени ошақтың ғимараты жөндеуден өтпек. Олардың басым бөлігі ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген.

Облыстық мәдениет басқармасының ресми өкілі Данияр Жұмаділовтің мәліметінше, жөндеу көрмеген нысандардың қатарында іргелі мәдениет ошақтар бар.

Мәдениет мекемелерінің ғимараттарындағы жұмыстар жаз бойы жүргізіледі. Күздің алғашқы айында толық аяқталады деп күтілуде. Жұмыстардың барлығы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы шеңберінде қолға алынған. Осы уақыт аралығында біз және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері құрылыс барысын қата ңбақылайды. Себебі, мемлекет қаражатының дұрыс игерілуін қамтамасыз етуіміз керек. Үлкен жөндеу науқаны барысында 600-ден астам адам уақытша екі қолға бір күрек табады. Ал 36 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. Жөндеу жұмыстары еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге де сеп болары анық, - дейді Данияр Жұмаділов.
1213.PNG

Жылдар бойы жөнделмеген нысандардың қатарында Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры бар. Театр ғимаратының шатыры әбден ескіріп, қасбеті тозып кеткен. Соңғы 15 жыл ішінде мазалаған мәселелер енді шешімін таппақ. Жалпы аумағы 3600 шаршы метр болатын шатыр толық ауыстырылады. Сонымен қатар, сахна жүйесі жаңартылады. Яғни, заман талаптарына сай болады. Одан бөлек 480 орындық концерттік зал жаңа кейіпке енбек. Осы тектес жұмыстар өңірдің бас сахнасы - Естай атындағы мәдениет сарайында қызу жүріп жатыр. 900 орындық концерттік зал мен дыбыстық жүйе толығымен жаңартылмақ.

Құрылысшылар тобының жетекшісі Әнуар Қамбаровтың айтуынша, қазіргі уақытта жұмыстар үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Ғимараттың шатыры, сахна залы мен дәретханасы жөнделеді.

Жөндеу жұмыстарына мемлекет бюджетінен 1 млрд 700 млн теңге бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы