Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде ауылдық елді мекендердің жолдарын жөндеуге басымдық берілген. Бұл игілікке 2,5 млрд теңге қарастырылған.
Осы бағыттағы жұмыстарды сапалы атқаруға «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы да септігін тигізуде.
Мен aуыл турaлы aйтқандa тоқтай aлмаймын. Ауыл – менің туғaн жерім, бaлaлық шaғым, менің мектебім... Бәріміз де сол aуылдaн шықтық қой. Мен үшін aуылмен тығыз бaйланысты бір ұғым бaр. Ол - еңбек. Жаз болсa, мaлды өріске қосу, қыста жем-шөбін беру, құдықтaн су тасу, бaқша егіп, шөбін жұлу, қысқығa отын-су, жем-aзық дайындау дегендей тірліктер ғой. Еңбектің не екенін мен жеті-сегіз жасымнан бастап білдім. Алдымен мектепке бармас бұрын, қорадағы тірлікті реттеп, мал жайғайтынбыз. Сaбақ біткен соң да осы шаруа, одан бөлек «фляганы» жазда арбаға, қыста шанаға салып алып, су таситынбыз. Білесіз ғой, ауылда шаруа бітпейді. Үй тапсырмасын үлгермей, сабақ арасындағы үзіліс кезінде орындайтынмын. Балаға ұқсап ойнауға да мүмкіндік табатынмын. Ата-aналарымыз осылай еңбекпен тәрбиеледі. Содaн жаман болған ешкімді көрмеппіз. Айта кетейік, биыл ауылдарды дaмытуға 22,5 млрд. теңге бөлінді. Ауылды дамыту үшін қолымыздaн келген барлық жағдайды жасаймыз. Одан бөлек, менің өз тарапымнан ауылға деген ерекше жылы көзқарасым бар. Өйткені, мен де ауылдан шықтым, - дейді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.Мәселен, биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша 114 шақырымнан астам жол жөнделіп, аяқталуы тиіс. Бұл - өткен кезеңге қарағанда үш есе артық көрсеткіш.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мамандарының мәліметінше, аймақта биылғы жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 3,9 млрд теңге бөлінген. Бұл 1,5 млрд теңгеге артық. Бас-аяғы 73 жоба жүзеге асырылады. Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтіп, инфрақұрылымдық объектілер салынады.