Павлодар облысына Түркіменстаннан 6 отбасы көшіп келді

2 Қыркүйек 2022, 08:24
1232
Бөлісу:
Павлодар облысына Түркіменстаннан 6 отбасы көшіп келді

Павлодар облысына Түркіменстаннан екінші лекпен алты отбасы – 37 адам көшіп келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Достық» үйінде  өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп, Ертіс өңіріне қоныс аударғысы келген Түркіменстан азаматтарымен кездесу өтті.

Көшіп келушілерге өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қоныс аударушылар үшін өңірлік квотаға енгізу шарттары мен процесі, «қандас» мәртебесін алу туралы ақпарат берілді. Біздің облысымызға қоныс аударғысы келген бауырлас елдің тұрғындарына біз құжаттарды жинауда және оларды қарастыруда құқықтық көмек көрсетуге дайынбыз, - деді Дәулет Ысқақов.

Айта кетерлігі, жыл соңына дейін облысқа Түркіменстан Республикасынан 400-ден астам этникалық қазақ қоныс аударады деп күтілуде.

Жуырда Павлодар облысына Түркіменстан еліндегі қандастардан құрамында 46 адам бар 11 отбасы көшіп келген. Қоныс аударған отбасылардың әр мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек беріледі. Бұл сома 200 мың теңгеден асады. Сондай-ақ қоныстанған жерлеріне қарай 1 жыл бойы ай сайын баспана жалдауға субсидия алады. Егер қалалық жерде орналасса, 61 мыңнан 91 мың теңгеге дейін, ауылдық жерде 45 мыңнан 64 мың теңгеге дейін алады. Нақты сома отбасындағы адам санына байланысты. Сондай-ақ 1 жылдық соманы бір жолда алып, сол баспананы сатып алуға жұмсауға болады.

Өзгелердің жаңалығы