Павлодар облысына COVID-19 вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

1 Ақпан 2021, 10:02
1549
Бөлісу:
Павлодар облысына COVID-19 вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V) препаратының 1 200 дозасы Ғ.Сұлтанов атыңдағы Павлодар облыстық аурухананың қоймасына жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, Павлодар облысына COVID-19-ға қарсы вакцинаның 80 000 дозасы бөлінді. Препараттың алғашқы партиясы - 1000 доза 31 қаңтарда аймаққа жеткізіліп, Ғ.Сұлтанов атыңдағы Павлодар облыстық аурухананың қоймасында сақтауға қойылды.

Ғ.Сұлтанов атыңдағы Павлодар облыстық аурухананың көлемі 2,2 текше метр мұздатқыштармен жабдықталған. Жақын арада қойма 1,2 текше метр болатын тағы үш арнайы мұздатқышпен жабдықталады. Қажет болған жағдайда медицина қызметкерлері облыстық қан орталығының қоймасын іске қосады, онда 0,48 текше метр мұздатқыш  орнатылған, - деп жазылған хабарламада.

Жергілікті жерде вакцинациялау үшін қалалар мен аудандардағы 31 емханаға препарат термоконтейнерлерге жеткізілетін болады. Вакцинацияны алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек ұйымдарының базасында 107 егу кабинетінде жүргізіледі.

Егу науқанын сапалы өткізу үшін 1125 медицина қызметкері дайындық курсынан өтті. Вакцинация ерікті негізде жүргізіледі.



Өзгелердің жаңалығы