Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті.
Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.Асхат Ораловтың дене қызуы көтеріліп, коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Байланыста болған адамдар анықталды, қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Облыстық әкімдіктің барлық қызметкерлері КВИ-ге тест тапсырды. Нәтижелері кейінірек жарияланатын болады.
Облыс әкімі кестеге сәйкес бейнеконференция арқылы жұмысын жалғастыруда. Барлық жеке қабылдаулар мен кездесулер тоқтатылды, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.