Павлодар облысы. Бір баланы мектепка дайындауға қанша қаржы керек?

15 Тамыз 2022, 16:27
905
Бөлісу:
Павлодар облысы. Бір баланы мектепка дайындауға қанша қаржы керек?
Фото: автордан

Павлодар облысындағы меншікті тілшіміз «Бір баланы мектепке дайындауға шамамен қанша қаражат кетеді?» деген сұраққа жауап іздеді. 

Ақпараттық агенттік тілшісі бастауыш сыныпта оқитын оқушыны мектепке дайындап жатқан ата-аналармен сұхбаттасып, керек-жарақтар мен киім-кешектердің нарықтағы бағалары білуді мақсат етті. 

Анат Жетпісова 9 жасар қыз баланы бауырына басқан. Бастауыш сынып оқушысының анасы құқығынан айырылған. Сондықтан, мемлекеттік орган тарапынан қолдау көрсетіледі. Десе де, баланы мектепке дайындауға қомақты қаражат қажет.

Біз тығырықтан шығудың жолын таптық. Нарықтағы баға «удай» екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан, біз ата-аналармен «Ортақ сатып алу» форматында сауда жасай бастадық. Яғни, фабрикалардан көтерме бағамен алып жүрміз. Бірақ, жеңілдік болу үшін 10-20 адам қосылу керек. Бұл өте тиімді. Мәселен, көтерме бағамен мектеп формасын 6500 теңге, рюкзакты 4500 теңге, кеңсе тауарларын 3900 теңгеге сатып алуға болады. Алдағы уақытта аяқ-киім алуымыз керек, - дейді ата-ана. 

Ата-ананың айтуынша, тауарлардың қоймалары еліміздің ірі қалаларында орналасқан. 

Тиімділігі де бар, тиімсіз тұсы да бар. Тиімділігі, әрине, бағасында. Бір жағынан, тиімсіз. Себебі, өлшемдері сәйкес келмей қалуы мүмкін. Дегенмен, кейін сатып жіберуге болады, - дейді ата-ана.

Десе де, бұл ең арзан нұсқа. Мектеп керек-жарақтарының базардағы бағасы жағаны ұстадады. Мәселен, қырғызстандық жейде кем дегенде 5 мың теңдеген сатылады. Өзге шығарушылардікі екі есе қымбат. Қыз балаларға арналған белдемше, шалбар бағасы сауда орталықтарында 10 мыңнан асып жығылады. Аяқ-киімге келетін болсақ, Қытайдан шыққандары 10-15 мың теңге тұрса, кебір өндіруші елдердікі 20 мың теңгеден асады. 

Балалар орталығында туфли немесе лофер тәріздес аяқ-киім 8-15 мың теңге, ал күзгі аяқ-киім 15- 20 мың теңге тұрады. 

Ата-аналардың айтуынша, бұл тұрғыда мектеп жәрмеңкелерінің көмегі зор. Кей отбасылар осындай шараларға қатысып, отандық киім-кешектерге басымдық береді. Орташа есеппен бір баланы мектепке жинау үшін кем дегенде 50-60 мың теңге керек. 

Өзгелердің жаңалығы